🌱🌸 19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ: БІРЛІК ПЕН ЖАҚСЫЛЫҚҚА БАСТАҒАН ИГІ ІС! 🌸🌱
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде 19 наурыз – Жаңару күніне орай ерекше тағылымды әрі мағыналы шара ұйымдастырылды. 🌿
Мектебіміздің ұстаздары, оқушылары және ата-аналары бір мақсатқа бірігіп, мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысты. 🤝
🌳 Барлығы бірлесе отырып тал егіп, табиғатқа жанашырлық танытып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін іс жүзінде көрсетті. Әрбір отырғызылған көшет – жарқын болашаққа деген сенім мен үміттің белгісіндей әсер қалдырды.
✨ Ата-аналар мен ұстаздардың қолдауы, оқушылардың белсенділігі мен ынтасы бұл шараның ерекше рухта өтуіне ықпал етті. Бірліктің арқасында атқарылған әрбір іс – жүрекке жылу сыйлап, ортақ қуанышқа айналды.
💚 Жаңару күні – тек табиғатты түлету емес, жан дүниені де жаңғыртатын ерекше сәт. Осындай игі бастамалар арқылы біз қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды, жауапкершілікті және бірлікті дәріптейміз.
🌿 Егілген әр тал – ертеңгі күннің көркі, келешектің кепілі!
#ЖаңаруКүні #Наурызнама #КелешекМектебі #Көгалдандыру #Бірлік Табиғат Жақсылық
