Skip to content

КЕЛЕШЕК ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ-ӘНҰРАНМЕН РУХТАНДЫ

🇰🇿КЕЛЕШЕК ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ-ӘНҰРАНМЕН РУХТАНДЫ🇰🇿🇰🇿Әр аптаның алғашқы күні — Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде “АДАЛ АЗАМАТ” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушыларымыздың патриоттық рухын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын зор мақтанышпен, ерекше рухпен орындайды.🇰🇿 Мемлекеттік Әнұран — ел тәуелсіздігінің айқын белгісі, ұлттық рухтың, бірліктің және отансүйгіштіктің символы. Ол халқымыздың өткені мен бүгіні, болашағын жалғаған қасиетті үн.Әрбір жас ұрпақ жүрегінде елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастырып, көк Туымыз көкте желбіреп, Әнұранымыз әлемнің биік мінберлерінде, жеңіс тұғырларында шырқала берсін!#біртұтас_тәрбие#Адал_азамат#Мемлекеттік_рәміздер#Келешек_мектебі#Отанға_құрмет

Пікір қалдырыңыз