
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Зұлхарнаева Әселхан Талғатқызы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасында кәсіби біліктілігін тағы бір мәрте дәлелдеп, жарқын жеңіске қол жеткізді! 🏆 Қалалық кезең — І орын 🥉 Облыстық кезең — ІІІ орын Бұл жетістік — білімге деген шынайы сүйіспеншіліктің, үздіксіз ізденістің және ұстаздық жолға деген адалдықтың жемісі. Әр сабағында жаңашылдықты серік етіп, шәкірт жүрегіне сенім мен шабыт ұялатқан ұстазымыздың жеңісі — мектеп ұжымы үшін зор мақтаныш! ✨ Әселхан Талғатқызына толағай табыс, шығармашылық өрлеу, жаңа асулар мен биік белестер тілейміз! 📚 Ұстаз еңбегі – ұлт болашағының алтын тұғыры! 🌸 #инженерлікмектеп #КелешекМектебі #жетістік