Skip to content

🧪 ХИМИОКВАНТУМ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖАҢАЛЫҒЫ: ТАБИҒАТТАН ТУҒАН ЭКОСАБЫН 🧪

🧪 ХИМИОКВАНТУМ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ  ЖАРҚЫН ЖАҢАЛЫҒЫ: ТАБИҒАТТАН ТУҒАН ЭКОСАБЫН 🧪Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің 4-сынып оқушысы Қайрат Аделя «Химиоквантум» зертханасында«Қойдың іш майынан әмбебап сабын әзірлеу технологиясы» тақырыбында ғылыми жобасын сәтті жүзеге асырды 🔬 Зерттеу барысында сабынның май қышқылдары мен сілтінің әрекеттесуі нәтижесінде түзілетіні дәлелденді. Сабындану реакциясы арқылы глицерин мен табиғи сабын тұздары алынды.🧈 Қой майының химиялық құрамы жан-жақты зерттеліп, оның қатты және сұйық қасиет беретін қышқылдары анықталды. Бұл әмбебап, тұрмыста тиімді әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік берді. Жобаның ғылыми жаңалығы – қойдың іш майынан экологиялық таза, қауіпсіз және үнемді сабын өндірудің жаңа технологиясын ұсынуы. Бұл тәсіл өндірістік шығынды азайтып, табиғи ресурсты тиімді пайдалануға жол ашады.🎗️Жетекшісі: Есқабылова Жанар Әбдірашидқызы Осындай ғылыми жобалар оқушыларды ерте кәсіби бағдарлауға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға және бейімдеп оқытуға зор ықпал етеді. Жас зерттеушімізге толағай табыс, тың идеялар мен үлкен ғылыми жетістіктер тілейміз!Болашақ ғылымы – бүгінгі мектептен басталады! #КелешекМектебі#Кванториум#ИнженерлікМектеп#АдалАзамат

Пікір қалдырыңыз