Skip to content

🎉🚉 ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ! Бүгін Қызылорда теміржол вокзалында халықаралық жарыста туған…

🎉🚉 ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ!

Бүгін Қызылорда теміржол вокзалында халықаралық жарыста туған жерге жеңіспен оралған Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің дарынды оқушыларын салтанатты түрде қарсы алдық! 🇰🇿👏

🏆 ALMATY TECH CUP XII – Age of AI халықаралық чемпионатында жоғары жетістіктерге қол жеткізген:
🥇🥈🥉 Айберген Ануар Нұрланұлы және
🥈 FIRST LEGO League Explore санатында жүлделі орын иеленген OtAI командасының мүшелері туған жерге үлкен жеңіспен оралды.

Бұл – №290 Келешек мектебінің, Қызылорда өңірінің және тұтас Қазақстанның мерейін үстем еткен зор жетістік.

Вокзал төрінде жеңімпаздарды ата-аналары, ұстаздары, мектеп ұжымы мен жақындары ыстық ықыласпен қарсы алып, гүл шоқтары мен ақжарма тілектерін арнады. Осындай ерекше сәттер жас инженерлерімізге жаңа белестерді бағындыруға шабыт сыйлайтыны сөзсіз.

👏 Құрметті оқушыларымыз! Сіздер өз білімдеріңізбен, табандылықтарыңызбен және еңбектеріңізбен Қазақстанның көк туын халықаралық ареналарда абыроймен желбіретіп келесіздер. Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

👨‍🏫 Жетекшілеріміз Өтеміс Рахатов пен Күнсұлу Сыздықоваға, сондай-ақ шәкірттеріміздің жеңіс жолында әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

�