🎉📚 ИНЖЕНЕРЛІК БАҒЫТТАҒЫ №290 КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНДЕ «БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ! 🌟🎈
Болашақ 1-сынып оқушылары үшін мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді «Балақайлар мектебі» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 💫
Мақсаты – бүлдіршіндердің мектеп өміріне жеңіл бейімделуіне, жаңа ортада өзін еркін сезінуіне, білім алуға деген қызығушылығын арттыруға және достарымен бірлесе жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. 🏫💛
✨ Бағдарлама барысында балалар:
🎨 ойын арқылы оқу дағдыларын дамытады;
🧩 логикалық және зияткерлік ойындарға қатысады;
✏️ қызықты шығармашылық тапсырмалар орындайды;
🤝 қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады;
🌈 психологиялық қолдау алып, жаңа ортаға бейімделеді.
Сабақтарды тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері өткізіп, әр баланың мектепке деген алғашқы қадамын қуаныш пен жылулыққа толтыруға ерекше көңіл бөлуде. ❤️
🌟 «Балақайлар мектебі» – үлкен білім жолына бастайтын алғашқы сенімді қадам!
Бүлдіршіндерімізге сәттілік, жарқын көңіл-күй және қызықты білім әлеміне саяхат тілейміз! 📚✨
#БалақайларМектебі #КелешекМектебі #№290Мектеп #МектепалдыДаярлық #БіріншіСынып #БілімБолашағы #БілімгеҚадам
