📚10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ📝
📖10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақыны, ағартушысы, композиторы әрі ұлттық жазба әдебиетіміздің негізін қалаған Абай Құнанбайұлының туған күні.
Абай – бір дәуірдегі барша ұрпақтың рухани темірқазығы. Оның мұрасы – адамды білімге бастайтын шамшырақ, ғылымға жетелейтін қуат, еңбекке үндейтін өнеге, ар мен адамдықты биік қоятын мәңгілік мектеп.
«Ғылым таппай мақтанба» деп жас ұрпақты талап пен ізденіске шақырған ұлы ойшылдың тағылымы бүгінгі білімді, жаңашыл және жасампаз ұрпақ үшін айрықша маңызды. Абай аңсаған «толық адам» – ақылы кемел, жүрегі ізгі, еңбегі адал, еліне қызмет етуді мұрат тұтқан тұлға.
Инженерлік ойлау да терең білімнен, тынымсыз ізденістен және табанды еңбектен бастау алады. Сондықтан Абайдың ғылым мен еңбекті дәріптеген асыл ойлары инженерлік бағыттағы мектебіміздің білім алушылары үшін берік бағдар болып қала береді. Біз шәкірттеріміздің озық ойлы, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген және ел болашағын жасайтын азамат болып қалыптасуына күш саламыз.
Абайды тану – өзіңді тану.
Абайды оқу – ойыңды тәрбиелеу.
Абай мұрасын дәріптеу – ұлт руханиятын ұлықтау.
Ұлы ақынның әрбір өлеңі мен қара сөзі санамызға

