Skip to content

✨ ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!✨ «Ұстаз – ұлттың болашағын тәрбиелейтін…

✨ ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!✨

«Ұстаз – ұлттың болашағын тәрбиелейтін тұлға» десек, сол қасиетті жолда жаңашыл ойымен, білімімен және еңбегімен ерекшеленіп жүрген жас педагогтердің орны ерекше.

Солардың бірі – Тоқтарбаев Нұрбол Мұратбекұлы.

Қызылорда облысы, Сырдария ауданының тумасы Нұрбол Мұратбекұлы мектеп қабырғасынан-ақ үздік білім алып, «Алтын белгі» иегері атанды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде математика мамандығы бойынша білім алып, кейін осы бағытта магистр дәрежесін иеленді.

Бүгінде №290 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі ретінде еңбек етіп, шәкірттерінің білімге деген қызығушылығын арттыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға аянбай үлес қосып келеді. Ізденімпаздық пен жауапкершілікті өмірлік ұстанымына айналдырған жас ұстаздың еңбегі шәкірттерінің жетістіктерінен айқын көрінеді.

🏆 Шәкірт жетістіктері:
🔹 Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде математика пәнінен ІІІ орын – Маратұлы Нұрасыл;
🔹 Республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының өңірлік кезеңінде ІІІ орын – Құлахметова Аягөз;
🔹 Республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының өңірлік кезеңінде ІІІ орын – Мара�