✨🏆🏆🏆«ЖАРҚЫРА ЖҰЛДЫЗ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАН АЙЯ БИ АНСАМБЛІ 2 ТҮРЛІ БИ БОЙЫНША VIP GRAND PRIX ЖЕҢІП, ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ! 🏆🏆🏆✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің «Айя» би ансамблі Түркістан қаласында өткен «ЖАРҚЫРА ЖҰЛДЫЗ» халықаралық өнер байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей хореографиялық қойылым бойынша VIP GRAND PRIX жүлдесін иеленді.
Аталған байқау жас дарындарды қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға әр өңірден келген өнер ұжымдары қатысып, өзара бақ сынасты.
«Айя» би ансамблі байқауда келесі билерді ұсынды:
🔹 «Стиляги» биі (7–8 жас аралығы)
🔹 «Бақытты балалық шақ» (6–7 жас аралығы)
Әрбір би қойылымы көркемдік деңгейінің жоғарылығымен, сахналық мәдениетімен және орындаушылардың шеберлігімен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Ансамбль жетекшісі — педагог-хореограф Абдукаликова Айгүл Қабылбекқызының кәсіби шеберлігі мен жүйелі еңбегінің нәтижесінде тәрбиеленушілер осындай жоғары жетістікке қол жеткізіп отыр.
Бұл жеңіс — оқушылардың таланты мен еңбегінің, жетекшінің біліктілігі мен табандылығының айқын көрінісі.
«Айя» би ансамблін және жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🌟





