Skip to content

✨🌱 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ECOTECH: БОЛАШАҚ ЭКОЛОГИЯСЫНА ЖОЛ АШАТЫН ФОРУМ🌱✨…

✨🌱 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ECOTECH: БОЛАШАҚ ЭКОЛОГИЯСЫНА ЖОЛ АШАТЫН ФОРУМ🌱✨

📚 Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен, экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебі базасында «EcoTech: экологияны қорғаудағы инженерлік және жаратылыстану ғылымдарының интеграциясы» тақырыбында облыстық форум жоғары деңгейде өтті.

🌱 Бұл форум – экологиялық сананы жаңғыртатын, ғылым мен технологияны біріктіре отырып, болашаққа бағыт беретін маңызды қадам болды.

❗️ Форумның мақсаты:
EcoTech бағыты негізінде экологияны қорғауда инженерлік және жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысын көрсету, экологиялық мәселелерді шешуде инновациялық технологиялар мен ғылыми әдістерді тиімді қолдану жолдарын талқылау.

🔶️ Форум барысында:
✍️ АГРОКВАНТУМ зертханасы аясында мектеп ауласына туя ағаштары мен гүлдер отырғызудың практикалық тәсілдері көрсетілді;
✍️ «НАНОКВАНТУМ», «БИОКВАНТУМ», «ХИМИОКВАНТУМ», «ГЕОКВАНТУМ», «АЭРОКВАНТУМ», «РОБОКВАНТУМ», «ЛАЗЕРКВАНТУМ», «ОЙМАҚ ТІГІН», «БІРҚАЗАН», «ӨНДІРІСТІК ДИЗАЙН» зертханаларында жүзеге асқан ECOTECH жобалары таныстырылды;
✍️ Генетика саласындағы заманауи зертханалық әдістер ұсынылды;
✍️ «Эко-спектрометрлік зертханалық практикум» шебер-сыныбы өткізілді;
✍️ «Эко-Life: біз қалай өзгереміз?» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.

🌍 Форум аясында қатысушылар экологияны қорғау – әрбір азаматтың өмірлік ұстанымы екенін терең түсінді.

✨ Келешек мектебі – ғылым мен экологияны ұштастыра отырып, болашаққа сенімді қадам жасайды!

#ТазаҚазақстан
#ОблыстықФорум
#ИнженерлікМектеп
#Кванториум