✨🌊СУДЫ ҮНЕМДЕ – БОЛАШАҚТЫ САҚТА: ПЛОГГИНГ АРҚЫЛЫ ТАЗА ҚАЗАҚСТАНҒА ҮЛЕС🌱✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің базасында «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында ұйымдастырылған плоггинг экологиялық акциясы жоғары деңгейде өтті.
Бүгінгі игі шараның басты мәні – табиғатқа жанашырлық танытып, су ресурстарын ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Бұл бастама «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» тұжырымдамасы аясында, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» бағыты бойынша, сондай-ақ «Су және білім» жобасы негізінде жүзеге асырылды.
🌱 Іс-шараға №290, №4, №233 және №140 мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері белсенді қатысты.
👥 Қатысушылар саны: 100 адам
(80 оқушы, 20 мұғалім)
♻️ Плоггинг барысында табиғатты тазарту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде:
Жалпы жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар – 510 кг
📊 Нәтижелер:
🔹 №290 мектеп – 157 кг
🔹 №4 мектеп – 141 кг
🔹 №140 мектеп – 112 кг
🔹 №233 мектеп – 100 кг
Бұл шара оқушылардың экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа деген жауапкершілік пен жанашырлықты нығайтты. Жас ұрпақ үшін бұл – табиғатты қорғауға бағытталған нақты қадам әрі маңызды тәжірибе болды.
Аталған жоба аясында біз жас ұрпаққа табиғатты қорғау, суды үнемдеу, еңбекқорлық пен жауапкершілікті дәріптеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеміз. Бұл – болашаққа салынған берік негіз.
Айта кетейік, «Су және білім» жобасы Францияның Даму жөніндегі агенттігінің (AFD), UNICEF Kazakhstan және «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» ҚЕАҚ-тың қаржылық қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Аралды құтқару халықаралық қорының Атқарушы комитеті және Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесе жүзеге асырылуда.
Осындай игі бастамаларға қолдау көрсетіп, табиғатты қорғау жолында бірге атсалысқан барлық серіктестерімізге шынайы алғыс білдіреміз 🤝
Бірлесе атқарған еңбегіміз нәтижелі болып, еліміздің жарқын болашағына қызмет етеді деп сенеміз!
#СудыҮнемдеБолашақтыСақта
#ТазаҚазақстан
#АдалАзамат
#Еңбекқорлық
#Плоггинг
КелешекМектебі
ЭкоАкция
ЖастарЖәнеЭкология




















