Skip to content

🏆🏆🏆РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФУТЗАЛ ТУРНИРІНДЕ №290 КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ🏆🏆🏆 Елорда…

🏆🏆🏆РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФУТЗАЛ ТУРНИРІНДЕ №290 КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ🏆🏆🏆

Елорда төріндегі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы кешенінде өткен «Келешек мектептері» оқушылары арасындағы футзалдан республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Үш күнге созылған тартысты додада еліміздің 20 өңірінен келген командалар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, нағыз спорттық бәсекенің үлгісін көрсетті.✨

🥈 Нәтижесінде Қызылорда облысы, Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің командасы жүлделі II орынды иеленіп, өңір намысын абыроймен қорғады.

👏 Сонымен қатар, мектебіміздің оқушысы Базарбек Нұрасыл «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталып, үздік ойыншылар қатарынан көрінді.

💪 Команданың бұл жетістігі – оқушылардың табандылығы мен еңбекқорлығының, сондай-ақ жаттықтырушылар мен жетекшілердің жүйелі дайындығының нәтижесі.

🎗️Жетекшілері: Қожбан Дәулетхан және Садықов Жомарт.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров қатысып, жас спортшыларға ізгі тілектерін білдірді.

✨ Осындай республикалық жарыстар оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, командалық рух пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

🌟 №290 Келешек мектебі өз шәкірттерімен мақтанады!