Skip to content

✨🏆🏆🏆 PROECO ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ЖЕҢІС! 🏆🏆🏆✨ 5–8 сынып…

✨🏆🏆🏆 PROECO ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ЖЕҢІС! 🏆🏆🏆✨

5–8 сынып оқушыларына арналған ProEco экологиялық жобалар конкурсының қалалық кезеңінде
🌱 «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің 7-сынып оқушылары
🔥 Төребек Ерқожа
🔥 Бақытжанқызы Мәлика
🏆 жүлделі ІІІ орынға ие болды!

👩‍🏫 Жетекшісі: Серәлі Ақерке

Аталған жетістік – оқушылардың ғылыми ізденіске деген қызығушылығының, экологиялық жауапкершілігінің және жүйелі еңбегінің нәтижесі. Ұсынылған жоба қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тың көзқарас танытып, өзектілігімен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.

🌍 Бүгінгі таңда табиғатты қорғау – барша адамзаттың ортақ міндеті. Осы бағытта жас ұрпақтың белсенділік танытуы – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды қадамы.

Оқушыларымыздың бұл бастамасы – олардың азаматтық ұстанымының айқын көрінісі әрі болашаққа деген жауапкершілігінің дәлелі. 🌱

👏 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жас зерттеушілерімізге шығармашылық шабыт, ғылыми табыстар және алдағы уақытта жаңа биіктерді бағындыруларына тілектеспіз! ✨