🏆🤖 ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ МАҚТАНЫШЫ — OtAI КОМАНДАСЫ!
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің OtAI командасы тағы бір тарихи белесті бағындырды!
Биыл Алматы қаласында өткен ALMATY TECH CUP XII – Age of AI халықаралық робототехника чемпионатында біздің жас инженерлеріміз FIRST LEGO League Explore санаты бойынша ІІ ОРЫНДЫ жеңіп алып, еліміздің үздік командаларының қатарынан көрінді! 🥈🏆
Бұл жетістік – жүйелі еңбектің, үздіксіз ізденістің және халықаралық деңгейдегі тәжірибенің нәтижесі.
✨ Соңғы жылдары OtAI командасы бірқатар ірі жеңістерге қол жеткізді:
🥇 Qyzylorda FIRST Regional 2025 – Бас жүлде иегері;
🏅 Central Asia FIRST Championship 2026 (Астана) – ALEM TECH FEST аясында өткен халықаралық чемпионатта 7 мемлекеттен келген 5000-нан астам қатысушы арасында OtAi командасы Қазақстанның намысын лайықты қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсетті;
🏆 FIRST LEGO League Kyrgyzstan Championship 2026 – Champion’s Award Finalist, І орын және FIRST LEGO League China Championship 2026 халықаралық финалына жолдама;
🏅 FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 (Макао, Қытай) – Challenge Solution Award халықаралық арнайы жүлдесінің иегері;
🥈 Енді, міне, ALMATY TECH CUP XII халықаралық чемпионатында ІІ орын!
Бұл марапаттар – оқушыларымыздың инженерлік ойлау қабілетінің, бағдарламалау мен робот құрастырудағы шеберлігінің, шығармашылығы мен командалық рухының айқын дәлелі.
👏 Команданың әрбір мүшесіне, олардың ата-аналарына және жетекшілеріне ерекше алғысымызды білдіреміз!
👨🏫 Жетекшілері:
🔹 Өтеміс Рахатов
🔹 Күнсұлу Сыздықова
Сіздердің кәсіби еңбектеріңіз бен шәкірттерге деген сенімдеріңіздің арқасында OtAi бүгінде Қазақстанды халықаралық ареналарда лайықты танытып келеді.
🌍 Алда – Қытайда өтетін әлемдік деңгейдегі финал! Біз OtAI командасына жаңа жеңістер, биік белестер және Қазақстанның көк туын халықаралық ареналарда биіктен желбірете беруіне тілектеспіз!
OtAI – болашақ инженерлердің, өнертапқыштардың және чемпиондардың мекені! 🚀🇰🇿
#КелешекМектебі #OtAi #AlmatyTechCup #FIRSTLEGOLeague #STEM Robotics FutureEngineers Qyzylorda Қазақстан ChinaChampionship AgeOfAI InternationalSuccess







