Skip to content

🏆🔥 ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗЫ — ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢ ЖҮЛДЕГЕРІ! PROECO ДОДАСЫНДА…

🏆🔥 ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗЫ — ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢ ЖҮЛДЕГЕРІ! PROECO ДОДАСЫНДА ЖАРҚЫРАҒАН ДАРЫН! 🔥🏆

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің 8-сынып оқушысы Асылбекқызы Дильназ 5–8 сынып оқушыларына арналған «PROECO» экологиялық жобалар конкурсының қалалық кезеңінде
«Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша
🥇 I ОРЫН ИЕЛЕНІП, ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛҒАН БОЛАТЫН!

✨ Білім мен ізденісті серік еткен жас дарын облыстық кезеңде де өз жобасын жоғары деңгейде қорғап, экологиялық мәдениеттің маңызын тереңінен көрсете білді.
Нәтижесінде:
🥈 ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢДЕ II ОРЫН ИЕЛЕНДІ!

🎗️Жетекшісі: Жанұзақ Фарида

🌱 Бұл жетістік — табиғатқа деген жанашырлықтың, жауапкершіліктің және үлкен еңбектің жемісі.
Жас ұрпақтың экологиялық мәдениеті мен белсенділігі — еліміздің жарқын болашағының кепілі!

👏 Асылбекқызы Дильназды шын жүректен құттықтаймыз!
💫 Алар асуларың биік, жеңістерің көп болсын!

🌍 Таза қала — өзімізден басталады!
🌿 Табиғатты қорғау — болашақты қорғау!