Skip to content

🏆🥇🥈🥉 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ЖАРҚЫН ЖЕҢІС! №290 КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ ALMATY…

🏆🥇🥈🥉 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ЖАРҚЫН ЖЕҢІС! №290 КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ ALMATY TECH CUP XII – AGE OF AI ЧЕМПИОНАТЫНДА БІРНЕШЕ БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ! 🇰🇿🚀

🇰🇿 Қызылорда қаласындағы Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің оқушысы Айберген Ануар Нұрланұлы Алматы қаласында өткен ALMATY TECH CUP XII – Age of AI халықаралық робототехника чемпионатында бірнеше бағыт бойынша үздік нәтиже көрсетіп, мектебіміздің мерейін үстем етті.

🚁 Alem Drone League бағыты бойынша:

🥇 DCL Simulator (симулятормен басқару) – І орын

🥈 Tiny Whoop Drone League (дронды басқару) – ІІ орын

🥉 Tiny Whoop Drone League бойынша командалық ІІІ орын иеленіп, команда 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды.

🤖 RoboCup Soccer халықаралық бағыты бойынша:

🥉 ІІІ орын

Alem Drone League – дрон технологиялары бойынша халықаралық жарыс. Қатысушылар симулятор арқылы ұшу, дронды жоғары дәлдікпен басқару, жылдам шешім қабылдау, қауіпсіз ұшу және пилоттау шеберлігі бойынша бақ сынайды. Бұл сайыс инженерлік ойлау мен заманауи технологияларды терең меңгеруді талап етеді.

RoboCup Soccer – мектеп оқушыларына арналған халықаралық робототехника сайысы. Қатысушылар автономды роботтарды бағдарламалап, жасанды интеллект, компьютерлік көру және ойын стратегияларын қолдана отырып, футбол матчында өзара бақ сынайды.

✨ Бір чемпионат аясында жеке есепте І орын, ІІ орын, ІІІ орын, сондай-ақ дрон жарысында командалық ІІІ орын мен ақшалай сыйақыға ие болу – Айберген Ануар Нұрланұлының табанды еңбегінің, үздіксіз ізденісінің және жоғары дайындық деңгейінің жарқын нәтижесі.

👨‍🏫 Жетекшісі: Рахатов Өтеміс

👏 Айберген Ануар Нұрланұлын және жетекшісі Өтеміс Рахатовты шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістіктер – №290 Келешек мектебінің, Қызылорда өңірінің және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі абыройын асқақтатқан зор жеңіс.

🇰🇿 Жаңа белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда Қазақстанның Көк Туын әрдайым биіктен желбірете беріңіздер!

#КелешекМектебі #OtAi #AlmatyTechCup #AgeOfAI #AlemDroneLeague RoboCupSoccer Drone DCLSimulator AI USTEM STEM Робототехника ЖасИнженер Қызылорда Қазақстан FutureEngineers