Skip to content

🔰 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ 🔰 Қызылорда облысының білім басқармасына…

🔰 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ 🔰

Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты, соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңінде (4, 9, 11-сынып бітірушілер үшін) төмендегі талаптардың қатаң сақталатынын хабарлайды:

📌 Білім беру ұйымында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, академиялық адалдық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беру, қаржылай немесе өзге де түрде алғыс білдіру, қаражат жинау әрекеттеріне қатаң түрде тыйым салынады.

📌 Соңғы қоңырау іс-шаралары аясында сырттан аниматорлар, шоу-бағдарламалар, түрлі агенттіктер мен студияларды тартуға жол берілмейді.

📌 Мектептің жөндеу жұмыстарына, материалдық-техникалық базасын жақсартуға немесе кез келген шаруашылық қажеттіліктерге байланысты ата-аналардан және оқушылардан қаражат жинауға тыйым салынады.