✨🏆 №290 КЕЛЕШЕК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕТІСТІГІ – ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСТА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!🏆✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің 3 «Г» сынып оқушылары Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған
«Кітаптағы кейіпкер – менің досым» тақырыбындағы театрландырылған батл сайысына қатысып, жоғары белсенділік танытқаны үшін
🥈 II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.
Сайыс барысында оқушылар көркем әдебиет кейіпкерлерінің образын сахнада шебер сомдап, өздерінің актерлік қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл жетістік – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығының, эстетикалық талғамының және сахналық мәдениетінің қалыптасқандығының айқын дәлелі.
👩🏫 Жетекшісі: Арленкеева Вераника Алжанқызы
Мектеп ұжымы жеңімпаз оқушылар мен жетекшісін құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді.

