Skip to content

✨🏆 №290 КЕЛЕШЕК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕТІСТІГІ – ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСТА…

✨🏆 №290 КЕЛЕШЕК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕТІСТІГІ – ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСТА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!🏆✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің 3 «Г» сынып оқушылары Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған
«Кітаптағы кейіпкер – менің досым» тақырыбындағы театрландырылған батл сайысына қатысып, жоғары белсенділік танытқаны үшін

🥈 II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.

Сайыс барысында оқушылар көркем әдебиет кейіпкерлерінің образын сахнада шебер сомдап, өздерінің актерлік қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл жетістік – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығының, эстетикалық талғамының және сахналық мәдениетінің қалыптасқандығының айқын дәлелі.

👩‍🏫 Жетекшісі: Арленкеева Вераника Алжанқызы

Мектеп ұжымы жеңімпаз оқушылар мен жетекшісін құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді.