🇰🇿 ТӘРБИЕ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ
2026 жылғы 22–24 маусым күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруға арналған республикалық оқыту семинары өтті.
Аталған маңызды іс-шараға Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садықов Жомарт Дәулетбайұлы қатысып, еліміздің әр өңірінен келген әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Семинар барысында тәрбие жұмысының өзекті бағыттары кеңінен талқыланып, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, заң мен тәртіп мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік қасиеттерді дамыту, сондай-ақ зияткер ұлт тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова өз сөзінде тәрбие жұмысының стратегиялық маңызына тоқталып, білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» қағидаттарын нығайту, Конституциялық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақты адалдық пен жауапкершілік рухында тәрбиелеу қажеттігін атап өтті.
Республикалық семинар аясында қатысушылар тәрбие жұмысының тиімді үлгілерімен танысып, заманауи әдіс-тәсілдер бойынша кәсіби біліктіліктерін арттырды. Бұл тәжірибелер алдағы уақытта мектебіміздегі тәрбие жұмысының сапасын жетілдіруге және «Адал азамат» бағдарламасын нәтижелі жүзеге асыруға өз үлесін қосады деп сенеміз.
Біздің мектебіміз үшін мұндай ауқымды іс-шараларға қатысу – кәсіби дамудың, тәжірибе алмасудың және сапалы тәрбие жүйесін қалыптастырудың маңызды қадамы. Жинақталған озық тәжірибелер мен тың идеялар мектеп өміріне енгізіліп, білім алушылардың жан-жақты дамуына бағытталатын болады.
✨ Болашақтың бәсекеге қабілетті, білімді, мәдениетті және жауапты азаматтарын тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
#АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #КелешекМектептері #ТәрбиеЖұмысы #№290КелешекМектебі ОқуАғартуМинистрлігі Астана2026 ҰлттықҚұндылықтар ТәрбиеТұғыры




