🌿 «Таза Қазақстан» – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы елді мекендерді абаттандыруға, қоршаған ортаны қорғауға, тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру жағдайын жасауға және қоғамда қоршаған ортаны ластауға мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Осыған орай, Қызылорда қаласының прокуратурасы «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыру мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын қатаң сақтауға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.
Таза қала – өзімізден басталады!
