Skip to content

🚀 ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС — ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАРҚЫН ҚАДАМ! Инженерлік…

🚀 ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС — ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАРҚЫН ҚАДАМ!

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде жазғы уақыт мазмұнды әрі нәтижелі өтуде. Оқушыларымыз демалысты тиімді пайдаланып, ұстаздарымен бірге жаңа оқу жылына қарқынды дайындалуда.

📚 Дайындық сабақтары барысында оқушылар:

🔹 өткен оқу жылында алған білімдерін пысықтап, білімдегі олқылықтардың орнын толықтыруда;
🔹 жаңа тақырыптарға алдын ала шолу жасап, оқу материалдарын тереңірек меңгеруде;
🔹 логикалық ойлау, есеп шығару және зерттеушілік қабілеттерін дамытуда;
🔹 инженерлік бағыттағы шығармашылық тапсырмалар мен тәжірибелік жұмыстарды орындауда;
🔹 уақытты тиімді жоспарлап, өздігінен іздену мен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруда.

Ұстаздар әр оқушының білім деңгейі мен қабілетін ескере отырып, жеке бағыт-бағдар беріп, олардың жаңа оқу жылына сенімді қадам басуына қолдау көрсетуде. Осындай жүйелі дайындық оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып қана қоймай, алдағы мақсаттарын айқындауына және жаңа белестерді бағындыруына берік негіз қалайды.

✨ Жазғы дайындық — білімді бекіту, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу және болашақ жетістіктердің негізін қалау!

Бүгінгі ізденіс — ертеңгі нәтиже.Бүгінгі еңбек — болаша�