Skip to content

🌏 FIRST LEGO LEAGUE ASIA OPEN CHAMPIONSHIP 2026 🏆 Халықаралық…

🌏 FIRST LEGO LEAGUE ASIA OPEN CHAMPIONSHIP 2026 🏆 Халықаралық аренадағы үлкен жеңіс! 🇰🇿✨
🇰🇿🇨🇳13–16 тамыз | Бейжің, Қытай

13–16 тамыз күндері Қытайдың астанасы Бейжің қаласында FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық чемпионаты өтті.

🌏 Ауқымды додаға әлемнің 25 елінен 350-ден астам команда қатысып, өздерінің робототехника, инженерия, бағдарламалау және командалық жұмыс бағыттарындағы білімдері мен шеберліктерін сынға салды.

Осындай беделді халықаралық бәсекеде Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің намысын қорғаған OtAІ командасы жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің көк туын халықаралық аренада абыроймен танытты! 🇰🇿🤖

💻🏆 OtAІ командасы — CODING AWARD жүлдесінің жеңімпазы!

Бұл марапат — оқушылардың бағдарламалау саласындағы білімі мен шығармашылық ізденісінің, роботты басқарудағы шеберлігінің, қажырлы еңбегі мен табандылығының нәтижесі.

👏 Команда мүшелері:
🔹 Айберген Алдияр
🔹 Қайырбек Ахмедияр

👨‍🏫 Жетекшілері:
🔹 Рахатов Өтеміс
🔹 Сыздықова Күнсұлу

Бұл — үлкен еңбектің, үздіксіз ізденістің және командалық рухтың жемісі! ✨

Жас инженерлерімізді CODING AWARD жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Алдағы уақытта да жаңа жобалар жасап, биік белестерді бағындырып, Қазақстанның атын әлемдік аренада асқақтата берулеріңізге тілектеспіз! 🚀🇰🇿

OtAІ командасы — болашақ инженерлердің жарқын қадамы! 🤖💙

#FIRSTLEGOLeague #FLLAsiaOpenChampionship2026 #OtAi #CodingAward #КелешекМектебі #№290Мектеп #Робототехника #STEM #ЖасИнженерлер #Қазақстан #Beijing2026 #FLL2026