🏆🇰🇿 ЧЕМПИОНДАРЫМЫЗ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ!
Бүгін біз үшін ерекше қуанышты әрі ұмытылмас күн болды! Бейжің төрінде Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, халықаралық додада жүлдегер атанған OtAI командасын теміржол вокзалынан зор мақтанышпен және ыстық ықыласпен күтіп алдық! 🚆🎉
2026 жылғы 13–16 тамыз аралығында Бейжің қаласында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship — әлемнің 25 елінен 350-ден астам команда қатысқан ауқымды халықаралық чемпионат.
Осындай беделді бәсекеде Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің OtAI командасы жоғары нәтиже көрсетіп, Coding Award жүлдесін жеңіп алды! 🤖💻🏆
Қазақстанның көк туын халықаралық аренада желбіретіп, ел абыройын асқақтатқан жас дарындарымыз:
⭐ Айберген Алдияр
⭐ Қайырбек Ахмедияр
Команда жетекшілері:
👏 Рахатов Өтеміс
👏 Сыздықова Күнсұлу
Бұл жеңіс — оқушыларымыздың терең білімі мен тынымсыз еңбегінің, ізденісі мен табандылығының, сондай-ақ жетекшілерінің кәсіби шеберлігі мен жан-жақты қолдауының жарқын нәтижесі.
Жеңімпаздарды күтіп алу сәті ерекше әсерге, шынайы қуаныш пен мақтаныш сезіміне толы болды. Жас өнертапқыштарымыздың жүзіндегі қуаныш пен елге жеңіспен оралған сәті баршаға ерекше рух сыйлады.
Бұл — тек команданың, мектебіміздің және барша Қ�
