Skip to content

🔔✨ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ – АРМАНҒА БАСТАР АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ! ✨🔔 🇰🇿📚…

🔔✨ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ – АРМАНҒА БАСТАР АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ! ✨🔔

🇰🇿📚 1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 📚🇰🇿

Бүгін – білімге ұмтылған әрбір шәкірт үшін ерекше күн!
Бүгін – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің жүрегінде мәңгі сақталатын жарқын сәт!
Бүгін – ұстаз бен шәкірт қауымын бір арнаға тоғыстыратын жаңа оқу жылының алғашқы күні! 🌟

🏫 Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде 2026–2027 оқу жылының басталуына орай дәстүрлі «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

🌱🇰🇿 Биылғы алғашқы қоңырау салтанаты «Таза Қазақстан – Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбына арналды.

🌱🇰🇿 Жаңа Конституция құндылықтары мен «Таза Қазақстан» идеясын негізге ала отырып, мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы арқылы әр оқушының бойына отансүйгіштік, адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, құрмет пен экологиялық мәдениет секілді асыл қасиеттерді сіңіруді басты мақсат етеміз. Бүгінгі білімді де тәрбиелі ұрпақ – ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын Адал Азамат! 🇰🇿✨