✨🏆🏆🏆 ЖАРҚЫН ЖЕҢІС — ДАРЫНДЫ ОҚУШЫНЫҢ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІГІ! 🏆🏆🏆✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің 8-сынып оқушысы Бақытбекова Жұлдыз
рухани-мәдени бағыттағы беделді байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп, үлкен жетістікке қол жеткізді! 🌟
📚 Республикалық “Мұқағали оқулары” байқауының қалалық кезеңінде 🏆 І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды!
📚 Республикалық “Мағжан оқулары” байқауының қалалық кезеңінде 🥉 жүлделі ІІІ орынға ие болды!
Бұл – оқушының әдебиетке деген ерекше сүйіспеншілігінің, терең ізденісінің және сахналық шеберлігінің нәтижесі. Көркем сөзге деген құрмет пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолындағы еңбегі зор мақтауға лайық!
🌟 Жұлдыздың жетістігі – мектеп абыройын асқақтатқан үлкен мақтаныш!
👏 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Алдағы облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Шығармашылық шабыт, толағай табыстар мен жаңа белестер көп болсын! ✨

