Skip to content

✨🌍ЖЕРДІҢ КӨКШІЛ БАЙЛЫҒЫ: СУДЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕЙМІЗ? 💧✨ Инженерлік бағыттағы №290…

✨🌍ЖЕРДІҢ КӨКШІЛ БАЙЛЫҒЫ: СУДЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕЙМІЗ? 💧✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде 3 «Ә» сыныбында «Жердің көкшіл байлығы: Суды қалай үнемдейміз?» тақырыбында танымдық сабақ жоғары деңгейде өткізілді.

Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға судың маңызын түсіндіру, табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу және суды тиімді пайдаланудың жолдарын үйрету.

Сабақ барысында оқушылар:
💧 судың тіршілік үшін маңызы туралы білді;
🌍 табиғатты қорғау және суды үнемдеу жолдарын талқылады;
🧠 қызықты тапсырмалар орындап, өз ойларын ортаға салды;
❓ сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекітті.

Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалып, сабақ мазмұнды әрі әсерлі өтті. Әрбір оқушы су – баға жетпес байлық екенін түсініп, оны қорғау мен үнемдеу – болашаққа жасалған маңызды қадам екенін ұғынды 🌱✨

Осындай танымдық сабақтар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениеті қалыптасып, табиғатқа деген жауапкершілігі арта түсуде.

Аталған іс-шара «Су және білім» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба Францияның Даму жөніндегі агенттігінің (AFD), UNICEF Kazakhstan және «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» ҚЕАҚ қаржылық қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Аралды құтқару халықаралық қорының Атқарушы комитеті және Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесе іске асырылуда.

💧 СУ – ӨМІРДІҢ БАСТАУЫ!
🌍 СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ!

#СудыҮнемде #ТанымдықСабақ #Экология #КелешекМектебі #ЖасҰрпақ 💧🌿✨