✨⚖️ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ – ЖАСТАРҒА МІНДЕТ: ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ⚖️✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде “Адал Азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Заң және тәртіп» бағыты бойынша 5–11 сынып оқушыларына арналған маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
👮♂️ Кездесуге арнайы қонақ ретінде:
🎖️ Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жантүгел Нұрталап Ерланұлы қатысып, оқушылармен мазмұнды әрі тағылымы мол сұхбат жүргізді.
🔰 Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға деген құрметті қалыптастыру және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Кездесу барысында келесі өзекті тақырыптар кеңінен қамтылды:
⚖️ Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу;
💻 Дроперлік пен алаяқтықтың қауіптілігі және оның зардаптары;
🚫 Зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
🩺 Репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері;
🚷 Жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу;
🚬 Зиянды әдеттердің кері әсері.
💬 Кездесу барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алып, өмірлік маңызды кеңестерге қанықты. Прокурор тарапынан келтірілген мысалдар мен түсіндіру жұмыстары оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
✨ Осындай тағылымы терең кездесулер – жас ұрпақтың саналы, жауапкершілігі жоғары, заңды құрметтейтін тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
🔷 Заңды білу – өз құқығыңды қорғау!
🔷 Тәртіпті сақтау – жарқын болашақтың кепілі!
#КелешекМектебі #АдалАзамат #ЗаңЖәнеТәртіп #Қауіпсіздік #ҚұқықтықСауаттылық Жастар Профилактика





