Skip to content

⚖️ ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: «АДАЛ АЗАМАТ» – САНАЛЫ ҰРПАҚ НЕГІЗІ ⚖️

⚖️ ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: «АДАЛ АЗАМАТ» – САНАЛЫ ҰРПАҚ НЕГІЗІ ⚖️Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Заң және тәртіп» айы аясында  жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын түсіндіру, құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылардың қауіпсіз, тәртіпті ортада білім алуына ықпал ету мақсатында 8–11 сынып оқушыларына арналған  профилактикалық кездесу өткізілді.Кездесу барысында оқушыларға: құқықбұзушылықтың алдын алу және оның құқықтық салдары, қоғамдық және мемлекеттік мүлікті сақтау – азаматтық жауапкершілік, лудомания мен дроперлік қылмыстардан сақтану жолдары, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу және жауапкершілік шаралары, түнгі уақытта заңды өкілсіз көшеде жүрудің заңмен шектелуі, нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алу, мектеп ішіндегі тәртіп ережелерітақырыптары бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Шараға Қызылорда қалалық полиция басқармасының ҚҚБ ЮПБ УПИ инспекторлары —‍♂️ полиция аға лейтенанты Данияр Рысбеков Болатбекұлы,‍♂️ полиция лейтенанты Ербол Қаспаев Болатбекұлы қатысып, өмірлік мысалдар арқылы заң талаптарын түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берді.Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға бағытталды.⚖️ Заңды сақтау – әр азаматтың парызы! Саналы ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!

Пікір қалдырыңыз