Skip to content

✨🌿 “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ – ТАЗАЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ! 🌿✨…

✨🌿 “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ – ТАЗАЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ! 🌿✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында 9-сынып оқушылары өз сыныптарында тазалық жұмыстарын жүргізді. 🧹✨

Оқушылар сынып бөлмелерін толықтай ретке келтіріп, парталар мен орындықтарды мұқият сүртіп, тақталарды тазалап, едендерді жуып, сынып ішін желдетіп, гүлдерге күтім жасады. 🌿
Сонымен қатар артық заттар сұрыпталып, оқу құралдары жүйеленіп, сынып бөлмелері таза әрі жайлы ортаға айналды. 📚✨

Бұл шара оқушылардың тек тазалыққа деген көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және бірлесіп жұмыс жасау мәдениетіне тәрбиеледі. 🤝
Әр оқушы өз еңбегінің нәтижесін көріп, ортақ іске үлес қосудың маңызын терең түсінді.

Тазалық– күнделікті өмір салты. Бүгінгі жасалған игі іс – ертеңгі экологиялық мәдениеттің берік негізі! 💚🌍

Осындай шаралар арқылы оқушыларымыз табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және қоғамға пайдалы болуға қадам жасауда. 🌱✨

#ТазаҚазақстан #ТазалықМәдениеті #МектепӨмірі #КелешекМектебі #ЭкоБілім ЖасҰрпақ Жауапкершілік