Skip to content

✨📚ТАРИХ — ҰЛТТЫҢ ЖАДЫ, БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ! 🇰🇿✨ Инженерлік бағыттағы №290…

✨📚ТАРИХ — ҰЛТТЫҢ ЖАДЫ, БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ! 🇰🇿✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде тарих пәні аясында 6 «Б» сыныбында «Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының қалыптасу тарихын тереңірек таныстырып, ұлттық бірегейлік пен тарихи сананы қалыптастыру болды.

Сабақ барысында оқушылар:
🔹 Ежелгі және ортағасырлық тарихи оқиғалар арасындағы сабақтастықты талдады;
🔹 «Қазақ» этнонимінің шығу тегі мен мағынасына ғылыми тұрғыда тоқталды;
🔹 Ұлы Дала өркениетінің мұрагерлері ретінде қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін зерттеді.

Оқушылар топтық жұмыстарда ерекше белсенділік танытып, тарихи деректермен жұмыс жасау арқылы өз ойларын дәлелді жеткізе білді. Сабақ барысында оқушылардың танымдық қызығушылығы артып, тарихқа деген құрметі мен ұлттық құндылықтарға деген көзқарасы нығая түсті.

Тарихты тану — өткенді құрметтеп, болашаққа сенімді қадам жасау. Осындай тағылымды сабақтар арқылы жас ұрпақ ел тарихын терең түсініп, ұлттық рухты бойына сіңіреді. 🇰🇿✨

#ҚазақстанТарихы #АшықСабақ #Білім #ҰлыДалаМұрагерлері #КелешекМектебі Мектеп290 📚