Skip to content

✨🎥СУДЫҢ ҚАДІРІ – ӨМІРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ 💧✨ Инженерлік бағыттағы №290 Келешек…

✨🎥СУДЫҢ ҚАДІРІ – ӨМІРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ 💧✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінің 9 «А» сынып оқушылары суды үнемдеуге арналған мазмұнды әрі әсерлі бейнеролик түсірді.

Бейнероликтің негізгі мақсаты – судың адам өміріндегі маңызын кеңінен насихаттау, әрбір тамшының қадірін түсіндіру және қоғамды табиғат байлығын қорғауға шақыру.

Оқушылар өз шығармашылық жұмыстары арқылы:
🎬 судың тіршілік көзі екенін әсерлі жеткізді;
💧 суды үнемдеу жолдарын нақты көрсетті;
🌍 табиғатты қорғау – әрбір адамның борышы екенін ұғындырды.

Бейнеролик мазмұны терең ойға жетелеп, көрерменге үлкен әсер қалдырды. Оқушылардың креативті идеялары, жауапкершілігі мен белсенділігі ерекше байқалды. Бұл – саналы, табиғатқа жанашыр ұрпақтың қалыптасып келе жатқанының айқын дәлелі 🌱✨

Аталған іс-шара «Су және білім» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба Францияның Даму жөніндегі агенттігінің (AFD), UNICEF Kazakhstan және «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» ҚЕАҚ қаржылық қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Аралды құтқару халықаралық қорының Атқарушы комитеті және Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесе іске асырылуда.

💧 Әр тамшы – баға жетпес байлық!
🌍 Суды сақтау – болашақты сақтау!

#СудыҮнемдеу #Бейнеролик #ЭкологиялықТәрбие #КелешекМектебі #ЖасҰрпақ ТабиғаттыҚорғайық 🎥💧🌿✨