Skip to content

🚨 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП — ҰСТАЗ АБЫРОЙЫ, ОҚУШЫ ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ…

🚨 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП — ҰСТАЗ АБЫРОЙЫ, ОҚУШЫ ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ!

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде ер мұғалімдерге арналған маңызды жиналыс өткізілді. Жиын тақырыбы — «Білім алушылардың құқықтарын қорғау және педагогикалық әдеп нормаларын сақтау (құқық бұзушылықтардың алдын алу, соның ішінде жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу)
Іс-шара барысында педагогикалық әдепті сақтау, кәсіби жауапкершілікті арттыру және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

👮‍♂️ Жиналысқа арнайы қатысқан:
Қызылорда қалалық полиция басқармасының ҚҚБ ЮПБ УПИ инспекторы, полиция лейтенанты Ербол Қаспаев Болатбекұлы

Кездесу барысында:
🔹 Педагог тарапынан орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары түсіндірілді;
🔹 Әдепке жат әрекеттерге, оның ішінде орынсыз мінез-құлыққа жол бермеу — басты талап екені атап өтілді;
🔹 Білім алушылардың жеке шекарасын құрметтеу және сенімді қарым-қатынас орнату маңыздылығы айтылды;
🔹 Қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру — әр педагогтың кәсіби міндеті екені ескертілді.

✨ Әр ұстаз — тек білім беруші ғана емес, оқушының қауіпсіздігі мен сенімінің тірегі.

Біздің мақсатымыз — әр білім алушы өзін қауіпсіз, қорғалған және құрметтелген ортада сезінетін орта қалыптастыру!

#ПедагогикалықӘдеп #ҚауіпсізМектеп #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #КелешекМектебі #Қызылорда