✨🇰🇿 ӨНЕГЕЛІ ЖОЛ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ 🇰🇿✨
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара Сүлеймен Есқараев атындағы “Болашақ прокурорлар” клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Өнегелі жол – ұрпаққа аманат» тақырыбында өтті.
Кездесуге құрметті қонақ ретінде «Қызылорда облыстық прокуратура органдары ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің кеңес төрағасы Ерғалиев Жамбыл Қожамұратұлы және Қала прокуратурасының бөлім прокуроры Жантүгел Нұрталап арнайы шақырылып, оқушылармен мазмұнды әрі тағылымды әңгіме өрбітті. Қонақтар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, құқық қорғау саласының қоғамдағы маңызы, заң үстемдігі мен тәртіптің мемлекет дамуы үшін айрықша рөл атқаратыны туралы құнды пікірлерін жеткізді.
Кездесу барысында жас прокурорлар өздерінің дайындық деңгейін көрсетіп, саптық өнерлерін, қару-жарақты бөлшектеу және жинау (автомат шашу) тәсілдерін, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын тәжірибелік түрде көрсетті. Бұл көріністер оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, олардың қауіпсіздік мәдениеті мен жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етті.
Сонымен қатар кездесудің ашық диалог форматында өтуі оқушыларға өздерін толғандырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік берді. Оқушылар Жамбыл Қожамұратұлына құқық саласындағы қызметтің ерекшеліктері, заңгер мамандығының жауапкершілігі және жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолдары туралы сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыруға, патриоттық рухын нығайтуға, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және болашақта қоғамға адал қызмет ететін саналы азамат болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар арқылы өскелең ұрпаққа адалдық, әділдік, жауапкершілік пен заңға құрмет сияқты құндылықтар дәріптеліп, ел болашағына бейжай қарамайтын саналы әрі белсенді азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жалғасын табуда. ✨
#АдалАзамат
#ЗаңМенТәртіп
#БіртұтасТәрбие
#БолашақПрокурорлар
#Адалдық
