Skip to content

🛡️ ОҚУШЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА! 📢 Жайлы мектебіміздің әкімшілігі…

🛡️ ОҚУШЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!

📢 Жайлы мектебіміздің әкімшілігі мен мұғалімдері оқушылардың кешкі уақыттағы тәртібі мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында рейдке шықты.

🚶‍♂️Түнгі рейд барысында мектеп ұжымы көшелерді, ойын-сауық орындарын және басқа да қоғамдық орындарды аралап, оқушылардың сабақтан тыс уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, ата-аналармен байланыс орнатылып, балалардың кешкі уақытта үйде болуын қадағалау маңыздылығы түсіндірілді.

🎯 Мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту.

✅ Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың кешкі уақытта себепсіз көшеде жүрмеуін қадағалауыңызды сұраймыз. Біз бірге жас ұрпақтың қауіпсіз, тәрбиелі және білімді азамат болып өсуіне үлес қоса аламыз! 🤝✨

#📚 #ҚауіпсізМектеп #ОқушыАманаты #ТәртіпТәрбие

Пікір қалдырыңыз