📌ОҚУШЫ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА: МЕКТЕП АСХАНАСЫНДА ТАҒАМ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ✅
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде оқушылардың дұрыс әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында мектеп асханасында бракераж бақылауы жүргізілді. 👩🍳🥗
Бақылау барысында асханадан дайындалған тағамдардың сапасы, санитарлық талаптарға сәйкестігі, тағамның дәмі, температурасы және сыртқы көрінісі мұқият тексерілді. Сонымен қатар тағамдардың дайындалу технологиясы мен ас мәзірінің талапқа сай болуы да назарға алынды. 🔍📋
Тексеру нәтижесінде мектеп асханасында дайындалған тағамдардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай екендігі және тағам сапасының жоғары деңгейде сақталғаны анықталды. Бұл – оқушылардың денсаулығын қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың айқын көрінісі. ✅🍲
Мектеп әкімшілігі мен жауапты мамандар оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануын тұрақты бақылауда ұстап, олардың денсаулығы мен дұрыс тамақтануына ерекше көңіл бөлуде. 💚👨👩👧👦
#КелешекМектебі
#МектепАсханасы
#СапалыТамақтану
#Бракераж
#ҚауіпсізАсхана 🍽️
