Skip to content

✨💧 «КІШКЕНТАЙ ТАМШЫНЫҢ САЯХАТЫ» ЕРТЕГІ ҚОЙЫЛЫМЫ 💧✨ Инженерлік бағыттағы №290…

✨💧 «КІШКЕНТАЙ ТАМШЫНЫҢ САЯХАТЫ» ЕРТЕГІ ҚОЙЫЛЫМЫ 💧✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде «Су және білім» жобасы аясында 1 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Кішкентай Тамшының саяхаты» атты танымдық ертегі қойылымы ұйымдастырылды. 🌿🎭

Қойылым барысында балаларға судың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы туралы түсінік берілді. Ертегі желісі бойынша кішкентай тамшының табиғаттағы қызықты саяхаты көрсетіліп, оның өсімдіктердің өсуіне, өзен-көлдердің толуына, адамдар мен жануарлардың өмір сүруіне қаншалықты маңызды екендігі көркем түрде түсіндірілді. 💧🌱🐦

📚 Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларды табиғатты қорғауға, өзен-көлдерді және суды ластамауға тәрбиелеу, өсімдіктерге қамқорлық жасауға үйрету. Сондай-ақ оқушыларға судың тіршілік көзі екендігі, оны үнемдеп пайдалану және таза ұстау қажеттігі туралы маңызды ақпараттар берілді.

✨ Қойылым арқылы балалар судың табиғаттағы рөлі туралы білімдерін кеңейтіп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау керектігін түсінді.

👩‍🏫 Сынып жетекшісі: Рахметова Айжан Қожантайқызы
👧👦 1 «Б» сыныбы

🌍 «Су және білім» жобасы Францияның Даму жөніндегі агенттігінің (AFD), UNICEF Kazakhstan және «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» ҚЕАҚ қаржылық қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Аралды құтқару халықаралық қорының Атқарушы комитеті және Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесе жүзеге асырылуда. 💙💧🌿