*ИНЖЕНЕРЛІК МЕКТЕПТЕ «ГЕОИНФОРМАТИКА» АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛДІ*
Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып, білім беру үдерісіне заманауи технологиялар мен инновациялық бағыттар жүйелі түрде енгізілуде. Мектепте білім беруді цифрландыру, оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін дамыту және ғылыми-зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру басты назарда.
Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңесте қаралып, 2026 жылғы 13 ақпандағы қорытынды бойынша мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы инновациялық педагогикалық тәжірибе ретінде пайдалануға ұсынылды.
2025–2026 оқу жылында мектебімізде заманауи «Геоквантум» зертханасы іске қосылды. Аталған бағдарлама оқушылардың цифрлық технологиялар мен геоақпараттық жүйелер саласындағы білімін арттыруға бағытталған.
Зертхана аясында 8-сынып оқушыларына арналған (34 сағат) «Геоинформатика» авторлық бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама авторлары – М.Смаханова және А.Асқарова.

