Skip to content

✨🏫 “БОЛАШАҚТЫҢ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕБІ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ PECHAKUCHA ФОРМАТЫНДАҒЫ ИДЕЯЛАР АЛАҢЫ♻️✨ Инженерлік…

✨🏫 “БОЛАШАҚТЫҢ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕБІ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ PECHAKUCHA ФОРМАТЫНДАҒЫ ИДЕЯЛАР АЛАҢЫ♻️✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде “Адал Азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы және “Досболlike” бағдарламасы аясында 9 «Ә» және 9 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен “Болашақтың қауіпсіз мектебі” тақырыбында PechaKucha форматындағы идеялар алаңы ұйымдастырылды. 🎤📊

Шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруға бағытталған тың идеяларды ұсыну және өз ойларын қысқа әрі нақты жеткізу дағдыларын қалыптастыру. 💡

PechaKucha форматы бойынша әр топ өз жобаларын слайдтар арқылы таныстырып, мектеп қауіпсіздігін арттыруға байланысты қызықты әрі маңызды ұсыныстарын ортаға салды. Оқушылар цифрлық қауіпсіздік, мектептегі тәртіп, бейнебақылау жүйелері, буллингтің алдын алу, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету сияқты маңызды мәселелерді қозғады. 🛡️📹

Идеялар алаңы барысында оқушылар белсенділік танытып, бір-бірінің жобаларын талқылап, сұрақтар қойып, пікір алмасты. 🤝 Бұл шара олардың көшбасшылық, сыни ойлау және көпшілік алдында сөйлеу қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік берді. 🌟

Осындай мазмұнды іс-шаралар оқушыларды қауіпсіз, саналы және жауапты орта қалыптастыруға бағыттайды.

✨ Болашақтың қауіпсіз мектебі – бүгінгі оқушылардың идеяларынан басталады! 🏫💙