🇰🇿🇰🇿🇰🇿 БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР: ОТАН ҚОРҒАУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗЫ!🇰🇿🇰🇿🇰🇿
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” аясында Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен 8–11 сынып оқушыларына арналған «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» тақырыбында ресми әрі мазмұнды кездесу өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — білім алушыларға әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру, отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ әскери мамандықтарға бағытталған кәсіби бағдар беру болып табылады.
✨Кездесуге қатысқан құрметті қонақтар:
🔹 Бейсеков Даулет Нариманұлы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің аға офицері, полковник
🔹 Қуатбаев Серік Алдиярұлы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің аға офицері
🔹 Уткелбаев Ербол Серикович — Департамент бастығының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник
🔹 Манапов Ерлан Қалмаханұлы — Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, полковник
🔹 Ршауов Мынділда Сағидоллаұлы — «Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Құрметті ардагері», Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы», отставкадағы подполковник



















