“БІЛСЕМ ЕКЕН…” – АБАЙ ОЙЫМЕН САНДАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Жайлы мектебіміздің математика пәні мұғалімі Тоқтарбаев Нұрбол Мұратбекұлы 6 «Б» сыныбында ерекше мазмұнды ашық сабақ өткізді.
Сабақ тақырыбы: «Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары»
Идеялық негізі: Абай Құнанбайұлының 7-қара сөзі
Абайдың «Білсем екен демеклік – адамның жаратылысындағы ең ұлы қасиет» деген сөзімен басталған сабақ оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сандардың артында жасырынған мәнге терең бойлауға мүмкіндік берді.
Сабақ барысында:
– заманауи цифрлық платформалар қолданылды,
– интерактивті тапсырмалар берілді,
– пәнаралық байланыс жүзеге асты,
– ұлттық құндылықтар мен математикалық білім үндестірілді.
Ұлттық мұра мен жаңа технологияны сабақтастыра отырып білім беру – жас ұрпақты тәрбиелеудің жарқын жолы!
#ғылымипедагогикалықкітапхана
#оқуғақұштармектеп
