Skip to content

✨ӘЗ НАУРЫЗДЫҢ ӘДЕМІ ӘУЕНІ: 16-НАУРЫЗ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР ЖАҢҒЫРҒАН КҮН 🌿✨…

✨ӘЗ НАУРЫЗДЫҢ ӘДЕМІ ӘУЕНІ: 16-НАУРЫЗ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР ЖАҢҒЫРҒАН КҮН 🌿✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебі 0 «Б», 0 «Ә» мектепалды даярлық сыныптарында Наурызнама аясында 16 НАУРЫЗ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ ерекше әсерлі әрі тағылымды шарамен аталып өтті. 🇰🇿🌸

Іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге халқымыздың бай мәдени мұрасын таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрге деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Шара барысында қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері көрініс тапты:
🔹 Тұсау кесу рәсімі көрсетіліп, балаға ақ жол тілеп, жарқын болашаққа бастар ізгі ниет білдірілді;
🔹 Бесікке салу дәстүрі сахналанып, ұлттық тәрбиенің мәні түсіндірілді;
🔹 Оқушылар ұлттық ойындар ойнап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Кішкентай бүлдіршіндер ұлттық киім киіп, өнерлерін көрсетіп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ерекше ықыласпен таныстырды. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, ата-баба мұрасын құрметтеуге баулиды. 🌱

Шараны ұйымдастырып, оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеген сынып мұғалімі Ибраева Фазила Болатовнаға алғыс білдіреміз. 👏

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз әр шаңыраққа құт-береке, шаттық пен молшылық әкелсін! 🌷

#Наурызнама
#ҰлттықСалтДәстүр
#Наурыз2026
#КелешекМектебі
#ҰлттықҚұндылықтар
НаурызМерекесі 🌸