Skip to content

✨ӘКЕ МЕН БАЛА: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БІРЛІК ПЕН ТӘРБИЕ ✨…

✨ӘКЕ МЕН БАЛА: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БІРЛІК ПЕН ТӘРБИЕ ✨

Инженерлік бағыттағы №290 Келешек мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Заң мен Тәртіп” қағидаты бойынша ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Бұл жарысқа әкелер мен балалар қатысып, ұлттық ойындар арқылы өзара шеберліктерін сынға салды. 💪✨

Сайыс барысында қатысушылар халқымыздың дәстүрлі ойындары бойынша бақ сынасты:
🔹 Ләңгі тебу
🔹 Асық ату
🔹 Қол күрес
🔹 Бұқа тартыс

Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтіп, әкелер мен балалардың ептілігі, күш-жігері, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігері айқын көрінді. Әсіресе әке мен бала арасындағы өзара қолдау мен ынтымақтастық көпшілікке ерекше әсер қалдырды. 🤝

Шараның құрметті қонақтары ретінде «Қызылорда облыстық прокуратура органдары ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің кеңес төрағасы Ерғалиев Жамбыл Қожамұратұлы және Қала прокуратурасының бөлім прокуроры Жантүгел Нұрталап қатысып, сайыстың салтанатты ашылуын жасап, қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызына тоқталды.

Осындай тағылымды іс-шаралар ұлттық дәстүрді жаңғыртып, өскелең ұрпақтың бойында батылдық, тәртіп, жауапкершілік және елжандылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Ұлттық ойындар – ұлт рухының айнасы. Ал әке мен бала бірге қатысқан мұндай жарыстар тәрбиенің ең жарқын үлгісін көрсетеді. 🌟

#КелешекМектебі
#БіртұтасТәрбие
#АдалАзамат
#ЗаңМенТәртіп
#Адалдық
ҰлттықОйындар
ӘкеМенБала
ҰлттықҚұндылықтар
Қызылорда